Астана – қазақ елінің болашағы

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күніне дайындық жұмыстары бүгіннен басталып кетті.

Осыған орай ақпанның 22ші жұлдызында «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге кафедраның профессор оқытушылары С. Жусупов, Ө.Қожақұлы, У.С. Ибраев, А.Ж. Әзірбековалар т.б. және Ист-16-1, Ист-17-1, АЭ-16 оқу тобының студенттері қатысты. Дөнгелек үстелді кафедра меңгерушісі М.С.Қараманова ашты. Дөңгелек үстелде кафедра оқытушысы Қ.Қ. Төлепберген «Астана-Қазақ елінің болашағы» атты баяндама жасады. Баяндамада Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналдығын туралы студенттерге айтып берді. Сонымен қатар Т-16-1 оқу тобының студенті Әкиева Бағила және Т-17-1оқу тобының студенті Жақыпбек Жахангир Елордамыздың осынау қарқындап дамуына елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қосқан үлесі жайлы өз баяндамаларында айтып кетті. Сонымен қатар Астананың бүгінгі жетістігі туралы слайдтар көрсетілді. Ендеше, бүгінде қазақ елінің елордасы болуымен қатар халықаралық алқалы жиындардың да ордасына айналған Астанамыздың мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік!

 

JoomShaper