«Абай жайлы ой толғау» атты іс-шара ұйымдастырылды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы Н.К. Қыпшақбай №1 студенттер үйінде «Абай жайлы ой толғау» атты іс-шара ұйымдастырды.

Тағылымды шара барысында студенттер үйі тұрғындары Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, Пушкин мен Гетеден аударылған шығармалар жайлы ой қозғады. Сондай-ақ жастар «Абай атамыз қазіргі заманда өмір сүрсе, блогер болар ма еді? Болған жағдайда, не туралы жазар еді?»- деген сауалдарға өз ой-пікірлерін білдірді.

JoomShaper