Жастар Абайдың қара сөздерін ағылшын тілінде мәнерлеп оқыды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекетттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты АЯ-19-1м оқу тобының магистранттары Айжан Жүнайд, Тоқжан Қалдыбекова, Аут Нигара, Құралай Ахметия Ұ.Ө.Бекназарованың жетекшілігімен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара» атты іс-шара ұйымдастырды.

Мазмұнды шараның ерекшелігі сол жастар Ұлы ақынның қара сөздерін ағылшын тілінде мәнерлеп оқып, мағынасын жан-жақты түсіндірді. Мұнан соң білім алушылар қатысушыларға кемеңгер жазушының өмір жолы мен шығармашылығына қатысты сауалдар жолдап,тұшымды жауаптар алды. Жиын соңында кафедра меңгерушісі Ш.Ү.Баймаханқызы шараға белсене атсалысқан жастарға алғыс хат пен сый-сияпаттар табыс етті.

 

JoomShaper