Кәсіби бағдар берілді

2018 жылдың 23 ақпан күні Қызылорда қаласының №15 мектеп-лицейінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының Ак.профессоры, т.ғ.к. Сәтбай Дастан Яхияұлы, «Қазақ тілі мен журналистика» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Баялиева Гүлмира Жарылқасынқызы, «Құқықтану» кафедрасының доценті, з.ғ.к. Исаева Жанат Амандыққызы, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Муйденова Алия Калжановна, «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрлері Әсемқанқызы Мүбилан мен Ахмедова Гүлмира Байкенжеқызы және ВТПО-16-1 оқу тобының студенттері Жалғас Сәуле, Талғат Айым, ИСТ-16-1 студенті С. Қаршыға кәсіби бағдар беру мақсатында 11-сынып бітіруші оқушылармен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, бітіруші түлектердің болашақты мамандықтарын таңдауға көмектесу, қызығушылық сферасын анықтау жұмыстары жасалды.
Кәсіби бағдар беруші топты бастап барған Ак.профессоры, т.ғ.к. Д.Я.Сәтбай жиналғандарды университеттің материалдық-техникалық базасы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, арнайы гранттар, студенттерге берілетін жеңілдіктер, студенттердің әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстары жайындағы мәліметтермен таныстырды. Сондай-ақ топ құрамында болған «Филология, тарих және құқық» факультетіне қарасты кафедра өкілдері өз кафедаларының дайындайтын мамандықтарына жеке тоқталып, университеттің халықаралық байланысы жөнінде толыққанды мәлімет беріп, көпшілікті мазалайтын сұрақтарға жауап берді.
Мектеп бітірушілерге университет факультеттері мен мамандықтары жайында кеңінен жазылған брошюра мен буклеттер таратылып, университет жайлы бейнероликті назарға ұсынылды. Сондай-ақ оқушылармен университет туралы берілген мәліметтер төңірегінде пікір алмасты.

JoomShaper