Мамандық таңдау болашақты таңдаумен тең

2018 жылдың ақпан айының 22-ші жұлдызында Филология, тарих және құқық факультетінің профессор-оқытушылары мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмысы аясында П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектептің бітірушілерімен кездесті.

Кездесуге орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары А.А.Имаханова, М.А.Акаева; қазақ тілі, әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушылары Елемесова Ш.М.., Оралова Г.С., құқықтану кафедрасы оқытушылары Жүсіпбекова М.К., Исаева А.Ж.; шетел тілдері және аударма кафедрасы оқытушылары Ибрагимова Э.А., Хегай Н.Р.; Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушысы Асанбаева А. қатысты. Олар түлектерге университет тарихы және оқу орнында оқытылатын мамандықтар жөнінде түсіндіріп берді. Сонымен қатар, университет студенттері Ораз Бердаулет , Еламан Ақнұр, Рысмахан Альмира, Кұлымбетов Мұхамеджан өз ойларымен бөлісті, университет жайлы видеоролик көрсетіліп, академиялық ұтқырлық бағдарламасына тоқталып, мамандықтар лифлеттері таратылды.
Кездесу барысында мектеп директоры К.С.Төлеуова ханымға мектеп кітапханасына сый ретінде танымал жазушылардың, соның ішінде жергілікті авторлар мен университет оқытушыларының кітаптары табысталды.
Кездесу соңында мектеп бітірушілердің сұрақтарына жауап берілді.

 

        

JoomShaper