Ауыл мектептеріндегі қызықты кездесу

2018 жылдың 24 ақпан күні Қызылорда облысы, Сырдария ауданынының Аманкелді ауылы №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі және Жетікөл ауылының №174 мектебінде «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Асқарова Г.Ш., «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ибрагимова Э.А. 9,10,11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу басында мектеп кітапханасына сый ретінде танымал жазушылардың, соның ішінде жергілікті авторлар мен университет оқытушыларының кітаптары табысталды, университет бейнеролигі көрсетіліп, мамандықтар лифлеттері таратылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы х.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы 80 жылдық тарихы бар университетіміздегі білім мен ғылымның инновациялық жетістіктері туралы, атап өтер болсақ, үш тілді білім беру бағдарламасының жүзеге асуы, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықтың (білім алушылардың Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуы, Отандық және шетелдік ғалымдардың студенттерге дәріс беруі), қос диплом алу үдерісі және университеттің оқу зертханалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының соңғы үлгідегі заманауи қондырғылармен жабдықталуы және тағы басқа мәселелер туралы айтып өтті. Аталмыш кафедраның магистрі Тұрманов Рахымжан Азметханұлы шетелде алған білімін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-інде зертхана жұмысы барысында қалай қолданып жатқанын және қазіргі таңда сапалы білімнің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңында оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді және оқушылар мен іс шара қонақтары естелік суретке түсті.

 

       

JoomShaper