Студенттер кәсіби біліктіліктерін шыңдады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық институты «Аударма ісі» мамандығының ПД-16-1 оқу тобының студенттері «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушылары, гуманитарлық ғылымдар магистрі Э.А.Ибрагимова мен гуманитарлық ғылымдар магистрі Н.Р.Хегайдың жетекшілігімен «CNEC (СиЭнИСи)» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Үміт Желкені» Қоғамдық қоры, «Pechoin Central Asia» ЖШС, «Speak English Kazakhstan» ЖШС, «Теплотехникс-Build Consulting» ЖШС мекемелерінде өндірістік практикадан өтті.

Өндірістік практикада білім алушылар университет қабырғасында жинаған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Практика аясында жастар әртүрлі құжаттарды аударуға арналған әдістемелік нұсқаулықтармен танысып, техникалық аударма дағдыларын дамытты. Сондай-ақ әртүрлі салаға байланысты терминдермен жұмыс жасады.

 

JoomShaper