Білім алушылар «ABCPLUS» оқу орталығында тілдік практикадан өтті

«Аударма ісі» білім беру бағдарламасына сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ПД-19-1 оқу тобы студенттері «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Э.А.Ибрагимованың жетекшілігімен «ABCPLUS» оқу орталығында тілдік практикадан өтті.

Практикада білім алушылар мекеменің қызметімен, оқу орталығының ұжымымен және жұмыс бағыттарымен танысты. Сонымен қатар орталық мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, құжаттармен жұмыс жасауды меңгерді.
Мұнан бөлек, сабақ барысында оқушылардың дайындықтарына көмектесіп, сергіту сәті мен ойын түрлерін ұйымдастырды. Практиканың соңғы күні жоспар-кесте толтырылып, есеп беру құжаттары дайындалды.

JoomShaper