Мәңгілік естен кетпес отты жылдар

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында Ауғанстан соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

Басқосуға Ауғанстан соғысының ардагерлері: Қыдырбай Захманұлы Өткелбаев, Нұрадин Бекетаев, Ғалым Тәкенұлы Камалов; «Дене шынықтыру және БӘД» кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Есіркепов, профессор- оқытушылар: А.М. Ким, М.К. Мурзабеков, Т.Д. Бимаханов және НВП-18-1, НВП-19-1 оқу топтарының студенттері қатысты.
Шара аясында НВП-18-1 оқу тобының білім алушылары Н.Қазақбай мен Н.Өтегенов майдангерлерді студент жастарға таныстырып, Ауғанстан соғысы туралы қысқаша тарихи деректерді баяндады. Сонан соң «Ауған соғысы: отқа оранған он жыл» атты деректі фильмі көрермен назарына ұсынылды. Мұнан кейін НВП-18-1 оқу тобының студентті Нұрислам Үсен ардагерлергерге арналған арнауын тарту етті.
Кездесу соңында «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Есіркепов сөз алып, ардагерлерге өзінің жүрекжарды лебізін жеткізіп, студенттер атынан және ұжымның атынан рахметін айтып алғыс хат пен сыйлық табыстады. Ауғанстан соғысының ардагерлері өз кезегінде осы кездесуге мұрындық болған ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, Т.Д. Бимахановқа Ауғанстан соғыс ардагерлерінің «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың алғыс хатын және Бақытбек Смағұлдың «Қазақтың қара майоры» атты кітабын табыстады.

 

 

 

JoomShaper