Ректор Б.С.Кәрімова университет ұжымымен кездесті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова жаратылыстану институты мен гуманитарлық-педагогикалық институты және дәстүрлі өнер институтының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Бейбіткүл Сәрсемханқызы институт ұжымының алдағы даму перспективасымен танысып, оқытушы – профессорламен емен жарқын пікір алмасты.
Сондай-ақ университет басшысы жиналған бірқатар мәселелер мен ұсыныстарды тыңдап, шешу жолдарын талқылады. Кездесу соңында университет ұстаздары білім ордасының жаңа басшысына алдағы бастамаларына сәттілік тілеп,ізгі лебіздерін жеткізді.

 

 

 

JoomShaper