«Жүрегімнің түбіне терең бойла» тақырыбында брифинг өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы жанындағы Ә.Қоңыратбаев атындағы әдеби үйірмесі облыстық «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесіп Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ақынның қара сөздеріне арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» тақырыбында брифинг өткізді.

Брифингке гуманитарлы-педагогикалық институтының директоры С.Тайман, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ғ.Ә. Тұяқбаев, кафедра профессорлары Б.К. Кәрібозұлы, Ұ.Н. Жанбершиева, профессор міндетін атқарушы Ш.Бекмағанбетов, кафедраның доценті А.Е. Айтбаева, университеттің профессорлары С.И. Қошқаров, Қ.Қ.Құдайбергенов, №1 оқу ғимараты кітапханасының бөлім меңгерушісі Р.Т. Доспаева, филология және журналистика мамандықтарының білім алушылары қатысты.
Мазмұнды шарада Абай Құнанбайұлының тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен жазылған құнды қара сөздері талқыланды. Кафедраның доценті А.Е. Айтбаева «Даналық тағылымы», кафедраның профессоры Ұ.Н. Жанбершиева «Қара сөз қисындары» тақырыптарында баяндама жасады.
Ал білім алушылар өз кезегінде ақынның шығармашылығына, қара сөздеріне байланысты сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

JoomShaper