Білікті маман - ел болашағы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері кезекті өндірістік практиканы Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінде тәжірибе жинақтады.

 

 

 

Практика барысында білім алушылар халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен танысты. Атап айтсақ жастар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен тұрмыс сапасын жақсарту, аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу, білім беру және денсаулық сақтау сынды күн тәртібіндегі проблемалардың шешілу жолдары туралы жан-жақты мағлұмат алып, мекеменің жұмыс тәртібін меңгерді.

 

 

JoomShaper