«Clarivate Analytics» компаниясының оқыту бағдарламалары мен ғылымометрия жөніндегі маманы Инеш Кенжинамен кездесу өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бас оқу ғимаратының конференц залында ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Н.О.Аппазовтың және технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу кеңсесінің бас маманы Л.К.Шильдебаеваның ұйымдастыруымен «Clarivate Analytics» компаниясының оқыту бағдарламалары мен ғылымометрия жөніндегі маманы Инеш Кенжинамен кездесу өтті.

Инеш Кенжина кафедралар және ғылыми бөлімшелерде халықаралық Web of Science базасындағы жарияланым үшін жауапты тұлғаларға "Халықаралық журналдардағы жарияланымдарға қойылатын негізгі талаптар: техникалық аспектілер, құрылымдық және мазмұндық аспектілер. Академиялық хат" тақырыбында семинар өткізді. Тыңдаушылар мақалаларды рәсімдеу және жариялау үрдісі бойынша, мақаланы жүктеу үшін қосымша файлдар туралы, рецензиялау барысындағы құпиялар жайлы өз білімдерін толықтырды.
Екінші семинарды Инеш Кенжина «Критерийлері сапалы ғылыми басылымдар және Web of Science Core Collection базасында журналдарды іріктеу рәсімі» тақырыбы бойынша"Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Хабаршысы" университет журналының редакциялық алқа мүшелеріне арнады.
Тындаушылар Web of Science платформасындағы деректер базасымен және бастапқы тексеру, редакциялық тексеру және бағалаулармен танысты. Сондай-ақ Web of Science Core Collection үшін таңдалған және импакт-факторды алған жаңа журналдар туралы мол мағлұматқа қанықты.

JoomShaper