Зияткерлік меншікті қорғау мәселелері

«Ы. Жахаев атындағы қазақ күріш-ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің ғимаратында ҚР Әділет министрлігінің Қызылорда облысының әділет департаменті ұйымдастырған «Дүниежүзілік экономикалық форумға жаһандық бәселестікке қабілетті индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншік, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері» тақырыбындағы семинар өтті.

 Отырыстқа құқық иеленушілер, қоғамдық бірлестіктер, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының өкілдері, сонымен жеке  кәсіпкерлердін  қатысуымен өтті. ҚР  Әділет министрлігінің Қызылорда облысының әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы С.Ә.Бекхожа, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының өкілі О.Қ.Жылқыбаев, «Ы. Жахаев атындағы қазақ күріш-ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің директорының орынбасары А.М.Тоқтамысов, Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Д.Ізбасарұлы, Қазақстан орындаушылардың құқықтарын басқару қоғамының Қызылорда бойынша өкілі А.П.Ахметовалар баяндама жасап, тындаушылардың сұрақтарына жауаптар берді.  Университеттің атынан «Business-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының бас маманы Л.К.Шильдебаева «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі зияткерлік меншік нысандарының мемлекеттік  тіркелімі» тақырыбында презентациясында тындаушыларға патент берілген өндірістік үлгілері бар сән жиынтығы туралы бейнефильм тамашалауға мүмкіндік берді. «Business-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов өзекті мәселерді қозғап, семинарға қатысқан жастардың сұрақтарына жауап берді. Олардан басқа кездесуге университеттен  Ғылыми-техникалық кітапханасының қызметкері Б.М.Жұбандықова, «Құқықтану», «Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі», «Кәсіптік оқыту», "Мұнайгаз инжиниринг", «Есеп және аудит» кафедраларының белсенді студенттері  қатысты.

JoomShaper