Жатақхана тұрғындарымен Елбасы жолдауы талқыланды

2017 жылдың 8 желтоқсаны күні «Филология, тарих және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен №1 студенттер жатақханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған кездесу болып, түсіндірме жұмысы жасалды.

Кездесудің мақсаты Елбасының биылғы Жолдауын талдау, мамандармен пікір алмасу және Мемлекет басшысы көрсеткен міндеттерді халыққа түсіндіру. Қазақстанның «Мәңгілік ел» болуына қомақты үлес қосу үшін жастарды жарқын да, даңғыл жолға түсуге тәрбиелеу.
Кездесуге «Құқықтану» кафедрасының доценті, з.ғ.к. М.К.Жусупбекова және аға оқытушы А.К.Муйденова мен оқытушы А.С. Нурымбетова қатысып, жатақхана тұрғындарымен пікір алмасты. Елбасының биылғы Өнеркәсіптік революция жағдайын дамытуға арналған Жолдаудағы негізгі 10 бағыт атап талдау жасай отырып, жолдадың тоғызыншы бөліміне ерекше мән беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

JoomShaper