Халық қалаулысы ұстаздармен жүздесті

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалым-ұстаздарымен кездесті.

Кездесу барысында сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе халық қалаулысы жақында ғана қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды. Осы заң аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер жөнінде түсіндірме жасады. Жиынға қатысқан білім саласының қызметкерлері мен ардагер ұстаздар қауымы Парламент Сенатының депутатына көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Ұсыныс тілектерін де жеткізді. Мұрат Бақтиярұлы ағартушылар көтерген мәселелердің барлығы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

 

  

JoomShaper