Жетістіктің жарқын көрінісі

Зайырлы қоғамда тәуелсіз сарапшылар мен халықтың өз дауысын беру арқылы ел үшін еңбек етіп, мемлекетшілдік қасиетімен көпке танылған тұлғаны таңдауы заңды құбылыс. Осы ретте жыл соңында жүргізілген сауалнама арқылы «Жыл адамдары» жобасының қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Жыл министрі» атануы білім саласы қызметкерлері үшін қуанышты жаңалық болды.

Асхат Аймағамбетов – еліміздің Білім және ғылым саласында ауқымды мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етіп жүрген министр екенін сырттан емес, күнделікті жұмыс барысында көріп білдік. 2018 жылдан білім саласының барлық денгейлері мен ғылым саласына арналған көптеген нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуімен қатар Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Асхат Қанатұлы Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қадам жасады.
Министрдің білім ғылым саласындағы атқарып жатқан жұмыстары мен жүзеге асырылып жатқан тың бастамалары қазақстандықтардың, соның ішінде білім, ғылым саласы қызметкерлерінің тарапынан оң баға алуының жарқын көрінісі жыл басындағы осы жетістік деп ойлаймын.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты осы жетістігімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымының атынан құттықтай отырып, еңбегіне табыс тiлеймiз!
Құрметпен,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры,
филология ғылымдарының кандидаты
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы

JoomShaper