Жүзу мен бильярдтан спартакиада өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында «Сергектік және денсаулық-2020» атты дәстүрлі спартакиаданың үшінші күні бильярд пен жүзу спорт түрлеріне арналды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеген жарыста университет ұжымы екі спорт түрінен шеберліктерін сынға салды. Нәтижесінде жүзуден 1 орынды жаратылыстану институты жеңіп алды. 2 орынға дәстүрлі өнер институты ие болды. Сондай-ақ 3 орын инженерлі-технологиялық институтына бұйырды.
Аталған спорттық сайыс мұнан соң бильярд ойынымен жалғасты. Мұнда сұр мергендер нөмірленген шарларды белгіленген нысанаға дәл тигізіп, қырағы екендіктерін байқатты.
Осылайша бильярдтан тартысты өткен бәсекеде 1 орынды инженерлі-технологиялық институты қанжығасына байлады. Ал 2 орынға жаратылыстану институты лайық деп танылды. Дәстүрлі өнер институты 3 орынға орнықты.

 

 

JoomShaper