Жаңа басшымен жарқын бастамаларға...

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова іргелі оқу орнының ардагер оқытушыларымен кездесті.

Басқосуда Бейбіткүл Сәрсемханқызы білім ордасының профессор-оқытушыларымен жақынырақ танысып, алдағы уақытта жүзеге асуға тиіс мақсат-міндеттерді жоспарлады.
Сондай-ақ жиын барысында педагог мәртебесін арттыру, спорт саласын дамыту, білім беру сапасын жақсарту, білім алушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау сынды мәселелер сөз болды. Ал ұлағатты ұстаздар өз кезегінде жаңа басшының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Мұнан соң білім беру жүйесіне қатысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

  

JoomShaper