«Жас суретші» байқауы өтті

Аймақта VІІІ Республикалық «Жас суретші» байқауы өтті. Шығармашылық сайысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Аграрлы технологиялар» кафедрасының а.ш.ғ.к., аға оқытушысы Р.Д.Нұрымова мен Шиелі ауданы №148 қазақ орта мектебінің бастауыш мұғалімі Н.Үдерова жетекшілік етті.

Байқауда талантты өрендер түрлі-түсті бояулармен қоршаған ортаның әсем бейнесін суреттеді. Нәтижесінде 1 орынды Т.Т.Имантаева жеңіп алды. Ал 2 орынға А.Б.Жұмаділда ие болды. 3 орын А.Б.Елубайға бұйырды. Жас қылқалам шеберлеріне арнайы диплом мен сый-сияпаттар табыс етілді.

 

JoomShaper