Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

Сыр өңіріне іс сапармен келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет ұжымына жаңа ректорды таныстырды. Бұл лауазымға Кәрімова Бейбіткүл Сарсемханқызы тағайындалды.

Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы 1972 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1994 жылы Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.

Оқу орнын тәмәмдаған соң, Қазақ қыздар институтының аспирантурасында білім алған. Қазақ қыздар институтының филология факультетінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс филология кафедрасының оқытушысы қызметінен еңбек жолын бастаған. 24 жылдық еңбек жолында 8 жыл декан орынбасары, 5 жыл Алматы үздіксіз білім беру университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 3 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті коллледжінің директоры болды. 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Бейбіткүл Сәрсемханқызы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Бейбіткүл Кәрімова Тіл білімі, салыстырмалы грамматика, қазақстандық саясаткердің тілдік тұлғасы және оқулықтану мәселелеріне арналған 80-нeн аса ғылыми еңбектің авторы.

Вашингтон, АҚШ, Франция, Финляндия және Оңтүстік Корея шет елдерінде біліктілігін жоғарылату курстарынан өткен. Вице–министр Шолпан Каринова жылға жуық Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының міндетін атқарушы болған физикa-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Жүнайдұлына жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, жаңа ректордың қызметіне табыс тіледі.

 

 

 

JoomShaper