Ұстаздар құрметке бөленген күн

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымы Жаңа жыл мерекесін атап өтті. Мерекелік кеште ұзақ жылдар іргелі оқу орынында жемісті еңбек еткен ұстаздар «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен» марапатталды.

Олардың қатарында Ақмешіт институтының ректоры, техника ғылымдарының кандидаты А.Т.Шегенбаев, Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы А.В.Ким, Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.Н.Алибеков, Педагогика және оқыту әдістемесі кафедрасы аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Г.Ш.Ерназарова сынды ұлағатты ұстаздар бар.
Сондай-ақ бұл күні Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Корреспондент-мүшесі болып сайланған тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар» кафедрасының академиялық профессоры М.Н.Аңсатова, Техника ғылымдарының кандидаты, «Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы Ж.Ж.Смайлова, Филология ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы М.Н.Қойшыбаев,тарих ғылымдарының кандидаты, Гуманитарлық-педагогикалық институт директоры С.Т.Тайман,Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғ.Ә.Тұяқбаевқа Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының дипломы мен куәлігі тапсырылды.
Мұнан бөлек жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік оқытушы» атағы Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Ы.Кеншінбайға берілді.
Сонымен қатар «Үздік түлек» медалімен университеттің бас есепшісі Н.Қ.Рабатова, «Экология және химиялық технологиялар кафедрасының» қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы, биология ғылымдарының кандидаты Б.Б.Абжалелов, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты А.Б.Алмауытова, Инженерлі-технологиялық институты директорының орынбасары, философия докторы У.Б.Абдикерова, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі-химиялық зерттеулер және технологиялар институты директорының орынбасары, химия мамандығы бойынша философия докторы Н.И.Ақылбеков марапатталды.

   

JoomShaper