Болашақ педагогтар жүлделі орын иеленді

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеудегі «Ногинск колледжі» білім беру мекемесінде «Молодые исследователи: вызовы и перспективы» тақырыбында студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өткізілді.

Бұл іс-шара жеті секцияны қамтып, оған Ресей мен Қазақстанның көптеген білім беру орындарынан жас зерттеушілері қатысты. Олар өз пікірлерін ортаға салып қана қоймай, ізденген мәселелерді шешу барысында жаңа көзқарастарымен бөлісті. Аталмыш конференцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 6В01101- педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері қатысты.
Нәтижесінде ПП-17-1 оқу тобының студенттері Ляззат Төлеш пен Айгерим Байғабул «Депортация народов в Казахстан. Так и надо воспитывать детей!» тақырыбында зерттеу жұмысын ортаға салып, жүлделі II орын алды.
Осы оқу тобының студенттері Райхан Қарасай мен Меруерт Шәукенбек «Цености и традиции современной казахской семьи» тақырыбында жоба қорғап, конференция сертификатын иеленді. Зерттеу жұмыстарының ғылыми жетекшісі Педагогика және психологя кафедрасының меңгерушісі Р.Т.Игенбаева Алғыс хатпен марапатталды.

 

 

JoomShaper