Жемісті жылдың қорытындысы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жариялауымен 2019 - жастар жылы» деп бекітілді. Биылғы Жастар жылының жақсылығы көп болды.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жастары ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, жылды табысты қорытындылап отыр. Оқу орнының «ENACTUS KAZ FEST» құрама командасы 55 қатысуышының ішінде «Проект с использованием предпринимательских навыков» номинациясын иеленді. Бұл біз үшін мақтаныш. Оқу орнының бірқатар дарынды жастары «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын, облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығын, «Самғау» және «Жалын» жастар сыйлығын алды.Сонымен қатар университет түлектері, мақтаныштары "Қорқыт құрамасы" КТА ойындарының чемпиондары атанды. «Бизнес-Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығында бүгінге дейін 85 білім алушы 25 бизнес-жобаны жүзеге асырып, 14 шағын кәсіпкерлік субъектісі ашылды.
Университеттің мәдени-көпшілік шараларына белсене қатысып халықаралық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған 42 студент университет төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар ректор алғыс хатымен және университетімізде үздік оқып, қазіргі таңда өз саласының кәсіби шебері болып, еліміздің дамуына айрықша үлес қосып жүрген әріптестер «Үздік түлек» медалімен марапатталды. Атап айтсақ Қазбекова Мира Жомартқызы - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары,Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы - Қызылорда облысының Жастар саясаты мәселесі басқармасының басшысы, Асанбаев Нұрлыбек Балтабайұлы - Көңілді тапқырлар алаңы Қызылорда облыстық филиалының директоры, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы, Қалиев Бағлан Аманбекұлы - Жайдарман орталығының директоры, республикаға танымал жайдарманшы, Сағындықов Құттыбай Байшырақұлы - С.Майханова атындағы мәдениет үйінің режиссері, республикаға танымал жайдарманшы, Дүкенбаев Асылхан Әбілханұлы - Республикадағы жайдарман ойындарында «Үздік ойыншы» номинациясының иегері, Сипанов Ерлан Амангелдіұлы - Облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі, республикаға танымал жайдарманшы.
Жастар жылы осылайша жағымды жаңалықтармен қорытындыланып отыр. Алда тағы бір табысты жыл күтіп тұр.

  

 

  

 

 

JoomShaper