«Қазіргі Қазақстан.Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті

1 желтоқсан -ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылығының сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.

Тағылымды басқосуда «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданының құрметті азаматы Әбдікәрімов Шакизада Өтетілеуұлы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы, университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды. Дөңгелек үстел барысында «Көреген көшбасшы. Сұңғыла саясаткер», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіздік жемісі», «Елбасының пассионарлығы және Рухани жаңғыру идеясының маңызы», «Елбасының еңбегі Нұр-Сұлтан қаласы - жастардың арман қаласы» тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Мұнан бөлек «Көшбасшы жолы» тақырыбында білім алушылар арасында эссе байқауы мен арнайы кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны тәуелсіз ел тарихымен сабақтас.Елбасы жасампаз идеялардың бастамашысы,қоғам мен мемлекет үшін маңызды әрі күрделі үдерістердің модераторы болып табылады.Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президенттінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал еткен факторларды ғылыми зерттеу,өмірбаяндық дереккөздерді зерделеу әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыруды талап етеді.

  

JoomShaper