Үздік педагог – 2019 жыл

«BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2019» атты республикалық педагогикалық байқау жарияланған болатын.

Байқаудың мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып, үздіктерді анықтау. Республикалық байқауға қатысқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрі Құндызай Қанибайқызы мен математика магистрі Айжан Смаханова «Үздік педагог-2019» атты І дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. «Ұстазға құрмет көрсету - білімге құрмет көрсету» дегендей осындай республикалық сайыстар ұстаздарға үлкен серпін береді.

 

JoomShaper