Жастар салауатты өмір салты үшін

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика және құқық» институтының «Қаржы» кафедрасы мен Қызылорда облысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығы бірлесіп «Жастар салауатты өмір салты үшін» тақырыбында іс-шара өткізді.

Аталған басқосуда Қызылорда облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекші мамандары Г.Алмурзаева мен Ж.Абылайқызы және А.Ермаханова студенттерге салауатты өмір салтын ұстану үшін не істеу қажет және қандай зиянды әдеттерден аулақ болуы керектігі жайлы мол мағлұматтармен бөлісті.
Сонымен қатар халықаралық дәрігерлер мен диетолог мамандар және психологтар тобы әзірлеген кеңестерді ұсынды.
Кездесу аясында білікті мамандар дене белсенділігінің жоқтығы, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, сынды бірқатар негізгі факторларға тоқталды.
Мұнан бөлек орталық қызметкерлері әртүрлі аурудың алдын-алудың жолдары көрсетілген үнпарақтар таратты.
Кездесу соңында студенттерге терең мағыналы бейнеролик көрсетілді.

JoomShaper