Жырдан шашу шашылды

1-Желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Дәстүрлі өнер институтының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Руслан Ахметов өзінің шәкірттерімен бірге қаламыздағы қарттар үйінде болып, жырдан шашу шашты.

Салтанатты іс-шарада ТМИ-16-1 оқу тобының студенті І.Дәулетхан сырнаймен сөз төккен Нартай ақынның өлеңдерімен сусындатса, ТМИ-17-1 оқу тобы студенттері Ж.Жақсанов, А.Шынберген, М.Алдамжарова, Ж.Тұрлығұлова, А.Жәку Нұртуған жыраудың, Тұрмағанбет ақынның, Сәрсенбай жыраудың және Жиенбай жыраудың жыр-термелерін нақышына келтіре орындады. Осылайша рухани азық сыйлар кеш соңында қарттар үйінің ақсақалдары жастарға өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

 

   

JoomShaper