ҚР БҒМ алғаш рет білім және ғылым саласы баспасөз хатшыларына арналған семинар тренинг өткізді

Алғаш рет еліміздің білім және ғылым саласы баспасөз хатшылары бір алаңда бас қосты.

ҚР БҒМ Ғылыми институттарының, Министрлікке қарасты ұйымдардың, облыстық білім басқармаларының, ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарының баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг өткізді. Тренингке Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз хатшысы Байжігітова Арайлым Сұлтанбекқызы қатысып, біліктілігін арттырды. Білім және ғылым министрі Askhat Aimagambetov 100-ге жуық баспасөз хатшысының Нұр-Сұлтанға жиналуына мұрындық болды. Бұл шарада мықты блогер Өркен Кенжебек пен медиа жаттықтырушы Яков Федоров тәжірибелік сабақтар өткізіп, басшылық пен төртінші билік өкілдері арасындағы алтын көпір болған баспасөз хатшыларына қажетті ақпараттар берді. Және өз құпияларымен бөлісті. Жалпы мықты блогерлер және әріптестермен болған емен жарқын кездесудің баспасөз хатшыларына берері мол болды. Университеттің баспасөз хатшысы Арайлым Байжігітова ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сертификатын алды.

     

JoomShaper