Қаламы қарымды журналистпен кездесу

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Гуманитарлық-педагогикалық институты «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері "Astana Tv" телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағалимен кездесті.

Келелі кездесуде кәсіби тележүргізуші, әрі білікті басшы артынан ерген ізбасарларына қиындығы мен қызығы қатар жүретін,көп ізденіс пен жауапкершілікті талап ететін журналистика саласының қыр-сырымен бөлісті. Ал болашақ журналистер өз тараптарынан аға-буын өкіліне толғандырған көкейкесті сауалдарын жолдап,тұшымды жауап алды. Осылайща жастармен емен-жарқын әңгімелескен кәсіби журналист мұнан соң естелік суретке түсті.

JoomShaper