Республикалық роботтар шеруінен III орын!

Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда робототехникадан Республикалық «KazRoboSport-2019» сайысы өтті. Аталмыш сайысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының 1 курс студенті Раушанбек Бейбарыс Раушанбекұлы Робо-Биатлон категориясы бойынша қатысып, жүлделі III орын иеленді.

Жарысқа әр облыстан іріктеліп 17 робототехник,сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан елінің жас өнертапқыштары өз бақтарын сынады.

JoomShaper