Жаңа оқулықтар көрмесі

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» кітап көрмесі өтті. Көрмеге «Экономика және құқық» институтының студенттері қатысып, қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтармен танысты.

Сонымен қатар студенттерге «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары: Л.А.Казбекова – Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция», К.А.Утегенова – Риккер У.Гриффиннің «Менеджмент», А.М.Шілманова – Джон Э.Гэмбл, Маргарет А. Питереф, Артур А.Томпсонның – «Стратегиялық менеджмент негіздері», Ж.Б.Смагулова – Филип Т.Котлер, Гари Армстронгтың «Маркетинг негіздері» кітаптарынан қысқаша түсініктеме берді. Сондай–ақ студенттерге университет кітапханасының электронды сайтына қалай тіркелуге және де қысқаша курстардан қалай өтуге болатындығы туралы ақпарат берілді.

JoomShaper