«Жас Өркен» бағдарламасының тиімділігі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі мен тәрбие жұмыстары және жастар саясаты басқармасының тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімінің ұйымдастыруымен Студенттер сарайында басқосу өтті.

Басқосудың мақсаты – «Жас Өркен» бағдарламасының тиімділігін жастарға түсіндіру. «Жас Өркен» – бұл «Самұрық-Қазына» қорының Жоғарғы оқу орнының талантты түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамыту бағдарламасы. Сондай-ақ компанияға қажетті жетекші мамандарды дайындау, олардың білімі мен біліктілігін жетілдіруіне мүмкіндік ашу. Жиынға университеттің 4-ші курс студенттері мен магистранттары қатысты. Бағдарлама өте ауқымды әрі белгілі бір стратегиялық мақсатқа негізделген. Сондықтан оған үміткерлерді іріктеу байқауының өзіндік ерекшелігі мен талыбы қатаң. Атылмыш шараға қатысушыларға жоба кеңінін түсіндіріліп, байқау талаптары айтылды. Басқосуға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Ж.Н.Базартай және «Самұрық Қазына» АҚ университеттің «Жас Өркен» жоба тобының маманы М.Ж.Шокутбаев пен Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының КММ директоры Б.Қ.Мастеков және университеттің 4-ші студенттері мен магистранттары қатысты.

JoomShaper