«KazRoboSport-2019» Республикалық чемпионаттан университет студенті жүлдемен оралды

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық білім беру және спорт робототехника «ҚазРоботикс» федерациясы» РҚБ ұйымдастырған «KazRoboSport-2019» спорттық робототехника бойынша Республикалық чемпионаты өтті.

Аталмыш чемпионатта «Биатлон үлкен жастағы топ» бойынша 3-орынды иеленген Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Инженерлі-технологиялық институтының «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алатын ИС-18-1п/я оқу тобының студенті Абдуллаев Оралбек Оразбекұлы дипломмен марапатталды. Оралбекті жеңісімен құттықтап, оқуда табыс, ғылым жолында жоғарғы белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

JoomShaper