Білім беру бағдарламаларын жобалау және жүзеге асыру

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Гуманитарлық ғылымдар (Түркітану)», «Бизнес және басқару (Аудит және салық салу)», «Әлеуметтік қамтамасыз ету» (Әлеуметтік жұмыс) даярлау бағыттары бойынша ҚР БҒМ Жобалық офисінің Жобаларды басқару тобының «Білім беру бағдарламаларын жобалау және жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбына отырысы өтті.

Отырысқа кадрларды даярлаумен айналысатын Жоғарғы оқу орындарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Экономикалық теория және Мемлекеттік басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Өмірзақова Меруерт Абдуалиқызы қатысты. 2019-2020 оқу жылына Жобаларды басқару тобының жұмыс жоспары мен құрамын бекіту, білім беру бағдарламаларын жобалауда жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің талаптарын ескеру және олардың Реестрге енгізілуі маңыздылығына көңіл аудару, білім беру бағдарламаларын цифрлық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Секциялық отырыста, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларында ЖОО компоненттерінің мазмұны мен элективті пәндер каталогын өзектендіру, әлеуметтік саланы жаңғырту жағдайында және әлеуметтік жұмысты кадрлық қамтамасыз ету және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.

JoomShaper