Университет студенттері халықаралық археологиялық конференцияға қатысты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық институты, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының археология және этнология мамандығының 3 курс студенттері Б.Әлибай мен М.Жүсіпназар «Ақынжановтың оқулар – 2019» атты халықаралық археологиялық конференциясына қатысты.

А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізілген шара көрнекті археолог – Сержан Мұсатайұлы Ақынжановтың 80 жылдығына арналды. Оған жас ғалымдар қатысты. Конференцияға Б.Ә. Байтанаев, Ж. Құрманқұлов, А.С. Ермолаева секілді елімізге белгілі археолог-ғалымдар баяндама жасап, жас ғалымдарға тас құралдарының жасалу ерекшеліктерін көрсетіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиында АЭ-17-1 оқу тобының студенттері Б.Әлибай «2019 жылы Сортөбе қалашықтарында жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында табылған керамикалық ыдыстар» және М.Жүсіпназар «Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық оғыз қалаларындағы жаңа зерттеулерге қысқаша шолу» атты тақырыпта баяндама жасады. Конференция соңында ғалымдар пікір алмасып, қорытындыланды.

 

JoomShaper