Жүйелі жұмыс нәтижесі

Ынтымақтастық пен жылдар бойғы сенімді серіктестікке құрылған жұмыс нәтижесін жыл сайын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен «Халық банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы көрсетіп отырады.

Биыл да сол дәстүрге сай университетің стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, Уразбаев Нұрлан Жеткергенұлы «Халық банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директоры орынбасары Нұртазаев Ерлан Бақытұлымен кездесті. Кездесу барысында «Халық банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы атынан университетке жаңа үлгідегі компьютер сыйға тартылды.
«Халық банк» акционерлік қоғамымен университет арасында жылдар бойы жақсы қарым қатынаста, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Оған себеп университет ұжымы мен білім алушыларының 70 пайызы аталмыш банк қызметін тұтынады. Сонымен қатар «Халық банк» акционерлік қоғамы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың түлектерін бәсекеге қабілетті кадр ретінде бағалап, өндірістік іс-тәжірибеден өтуге жолдамалар беріп отырады.

JoomShaper