Білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке толы өмірге қадам басқан жастардың қабылдау кеші өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық – педагогикалық институтымен экономика және құқық институтының бірінші курс білім алушыларына арналған «Студенттік өмір – жарқын болашақ бастауы» атты студенттерді дәстүрлі қабылдау шарасын өттізді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары ғылым, білім және инновациялар тоғысқан жер. Бұл - мәдениет пен өнердің ордасы Оқу орнында студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі толық қалыптасқан. Мәселен, бүгінде "Ұлағат ұландары", "Жас Отан" жастар қанаты, "Домбыра Думан" ұйымы, "Ақиқат" саяси дебат клубы, "Саналы ұрпақ", "Жайдарман" әзілкештері, "Қыз Жібек" қыздар клубы, "Қыран" және "Туған Жер" еріктілер жасағы, студенттердің бастауыш кәсіподақ ұйымы, "Қазақстан Студенттер Альянсы", "Сыр сымбаты", "Студенттік кеңестер", "Жауқазын" жастар театры, "Зерде" атты жастар ұйымдары жұмыс жасайды. 2018-2019 оқу жылы бойынша университетте 19 спорт секциясы жұмыс жасап, оған 1970 студент тартылған. Екі күнге созылған айтулы мереке де университет белсенділерінен құралған өнерпаздар әннен шашу шашып, қойылымдар қойды. Жаңа студенттік өмірге қадам басқан жастарған 82 жылдық тарихы бар оқу ордасының ұйымдарымен таныстырып, белсенді болуға шықырды. Сонымен білімімен, белсенділігімен айшықтанған жастарға университет ректорының Алғыс хаты табысталды.

  

  

  

    

JoomShaper