Жаңа кинотуындының тұсау кесер рәсімі өтті!

Жастар жылына тамаша тарту! Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қолдауымен, J7 продюсерлік орталығы «Белес» атты жастарға арналған жаңа кинотуындының тұсаукесер көрсетілімін өткізді.

Мақсат, махаббат, арман, достық, мансап, баяндалатын кинотуындыда, іргелі оқу ордасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жастарының өмірі баян етіледі. Сонымен қатар, оқу орнының жастарға жасалған мүмкіндіктері мен заманауи материалдық техникалық базасы көрсетілген. Киноның басты рөлдерін біздің мақтаныштарымыз, университет түлектері мен студенттері, облысымызға белгілі азаматтар сомдап шықты. Жабық көрсетілімде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректор міндетін атқарушы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абдикаримов Бахытхан Жүнайдұлы, J7 продюсерлік орталығының басшысы Алдабергенов Жасұлан Нұрланбекұлы сөз сөйледі. Сондай-ақ, қинотуындының түсіріліміне атсалысқан шығармашылық топ пен актерлар құрамы университет ректоры алғыс хатымен және төсбелгісімен марапатталды.

JoomShaper