Елбасы жолдауы - болашаққа маңызды қадам

2018 жылдың 26 қаңтар күні Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Әзірбекова Қызылорда облысы Ішкі Істер Департаментінің үлкен мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы бойынша дәріс оқыды.

Дәріс барысында А.Ж.Әзірбекова жолдаудағы алға қойған он міндетке тоқталып өтті. Жолдауда елдің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалып және одан әрі дамудың басты бағыттары нақтыланған. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын қалың бұқара арасына кеңінен насихаттау бәріміздің міндетіміз екендігін атап өтті.

JoomShaper