MBAS (AMBA) қауымдастығының мүшесі университет ұстаздарымен кездесті

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ бас оқу ғимаратында "Кейкис форматында зерттеу кейс - стади жазу әдістемесі" тақырыбы бойынша басқосу өтті.

Шараға іскерлік әкімшілік ету докторы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, маркетологтар гильдиясының жәнеMBAS (AMBA) қауымдастығының мүшесі Владимир Дмитриевич Киселев қатысты. Жалпы Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдісті нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге болады. Кейс-стадилік талдау әдісі тосын жағдаяттар, проблемалық мәселелер туралы тез және нәтижелі ойлауды ғылыми терия мен оның танымдық әдіснамасын тәжірибеде пайдалануға дағдыландырады. Мәртебелі мейман жиынға қатысушыларға осы тақырыпта өз ойларын ортаға салып, ізденістері туралы айтты. Шара соңында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ"Ғылыми зерттеулерді үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан Шынбергенов ғалым Владимир Киселевке сый-құрмет көрсетті.

JoomShaper