Өнерлі жастар еңбегі

«Өнер фестивалі - 2019» байқауына Қорқыт Ата атындағы ҚМУ дәстүрлі өнер институтының, сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері кафедрасы «Дизайн» мамандығының студенттері «Жас суретшілер» және «Жас қолөнершілер» номинациялары бойынша қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша Д-19-1 оқу тобының студенті Мұхамедали Алдабергенов «Жас суретшілер» номинациясы бойынша 1 жүлделі дипломмен марапатталды.Сонымен қатар осы топтың студенті Гүлжанат Сейтасқарова және д-18-1 оқу тобының студенті Жанат Төребай Алғыс хатпен марапатталды. «Жас қолөнершілер» номинациялары бойынша да жастар құр алақан емес. Д-18-1 оқу тобының студенттері Ақдидар Молдабекқызы жәнеақбота Сағындық Алғыс хатпен марапатталды. Жастарды өнер байқауына дайындаған сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушылары тар.ғ.к. К.Б. Касенова және кафедра меңгерушісі Ж.Ж.Смаилованың осылайша үкілі үміттері ақталды. Ұлағатты ұстаздар да бұл күні Алғыс хатпен марапатталып, құрмет төрінен көрінді.

JoomShaper