Ғалым – педагог, балалар ақыны Рахат Наурызбаева 75 жаста!

Педагогика ғылымының докторы, белгілі ғалым, балалар ақыны Рахат Наурызбаева мерейлі 75 жасқа толды.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде еселі еңбек етіп, бүгінде сол бейнеттің зейнетін көріп отырған кейуананың өмірі көпке өнеге. Ол педагогика саласында ғылыми ізденістер және зерттеулермен кеңінен шұғылданды. Көптеген ғылыми, танымдық, публицистикалық мақалалар және 15 кітап пен монографиялар авторы. Ел ертеңі – жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың азаматтық қалыптасуына оның жасап келе жатқан жемісті еңбегі, ұстаздық ұлағаты, аналық мейірбандығы баршаға үлгі. Мерейтой иесінің жыр кешіне қатысқан Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, "Nur Otan" партиясы "Тұран" филиалы "Бірлік" бастауыш партия ұйымының төрағасы Жандос Базартай Рахат Наурызбайқызына «Құттықтау» хат тапсырып, ізгі лебізін білдірді. Осылайша бұл күні ізгілік нұрын сепкен аға буынға лайықты құрмет көрсетілді.

JoomShaper