Дәстүрлі өнер институтын алғашқы жеңісімен құттықтаймыз!

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы оқу орындары арасында өткен "Өнер фестивалі - 2019" конкурсында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Дәстүрлі өнер институтынан эстрадалық ән номинациясы, ұлттық би, заманауи би, жас суретшілер, қол өнер шеберлері қатысты.

Өнерпаз жастар алдарына жан салмады. Қазылар алқасының есептік қорытындысы бойынша институт студенттері бірінші орынды қанжығасына байлады. Бұл Дәстүрлі өнер институтының алғашқы жеңісі. Алдағы уақытта Республикалық, Халықаралық, әлемдік деңгейдегі конкурстарды талай шыңдарды бағындырады деп сенеміз.

JoomShaper