Ақиық ақынға құрмет көрсетілді!

80 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті - талай мықты, талантты, дарынды тұлғалар білім алған құтты мекен. Солардың бірі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Елубай Әуезов.

Ақынның шығармашылығына арналған кеш «Сырдан бір күн келеді көтеріліп» деп аталды. Поэзиядағы тың ізденістер мен жаңашылдықты бағамдайтын болсақ, жаңа тұрпатты ақын ақиқатында да өлең өлкесіне өзіндік, бөлекше қолтаңбасымен келгенін аңғару қиын емес. Оның өлеңдерінде екі дүние сыры мен рух, жан мәселелеріндегі аса нәзік дүниелер мол кездеседі.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор міндетін атқарушы Нұрбол Аппазов жыр кешіне қатысып, бүгінде елге танылған кемел тұлғаның университет мақтанышы екенін айта келе, ерекше дарын иесіне шығармашылық шабыт тіледі. Және оқу орнының жоғары наградаларының бірі «Үздік түлек» медалін табыстады.
Елубай Жұманұлы Қызылордадағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институт қазіргі Қорқыт ата атындағы ҚМУ 1985-1992 жылдар арлығында білім алып, қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша тәмәмдаған.

JoomShaper