Өмір көзі – суды тұрақты пайдалану

Қызылорда облысы әкімдігі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың (KONRAD ADENAUER STIFTUNG) өкілдігі бірлесе «Өмір көзі – суды тұрақты пайдалану» тақырыбында өткізген конференцияға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының ғалым-ұстаздары Л.Жусупова, Б.Абжалелов, Н.Аппазов, Н.Ахатаев, С.Кужамбердиева, Н.Сиханова және экология мамандығының студенттері қатысты.

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің басты табиғи компоненті болып табылады. Сонымен бірге, су ресурстары қоғам дамуының лимиттеуші факторларының бірі. Сондықтан бұл мәселенің маңызы жоғары. Қазақстандағы суға қатысты проблемаларды шешудің жаңа әдістерін қолдануды күн тәртібінде. Су ресурстарын бірігіп басқару және су пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жоспарды іске асыруда көптеген маңызды шаралар жүзеге асуда. Соның бірі аталған шара деуге болады. Пленарлық отырыс «Арал теңізінің экологиялық апатты жағдайын қалпына келтіру және аймақты сумен қамтамасыз ету тұрғысынан» тақырыбында өткізілді. Онда Қазақстандағы экологиялық ұйымдар қауымдастығы төрайымы Айгуль Соловьева, Айхштетт-Ингольдштат Университетінің ғылыми қызметкері Магдалена Лауерманн, China Water Risk су мәселелері бойынша кеңесші/тұрақты даму бойынша жоғарғы кеңесші Фенг Ху сөз сөйледі. Конференция әрі қарай «Трансшекаралық су шиеленістері мен оны шешу жолдары» тақырыбында панельді пікірталасқа ұласып, онда сала мамандары сөз алып, жиын тақырыбына сай мәселелерді қозғады. Мұндай маңызды шараға қатысудың білім алушыларымыз үшін өзектілігі жоғары екені анық.

JoomShaper