Студенттер Болгария Республикасынан келген ғалымның дәрісіне қатысуда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Болгария Республикасы София қаласындағы Ұлттық және әлемдік шаруашылық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Хаджиниколов Димитър Веселинов дәріс оқуда.

«Кәсіпорынның инновациялыққызметінің теориясы мен практикасы"» тақырыбындағы 144 сағатқа жоспарланған арнайы курстық дәріске Экономика және құқық институтының 6В11177-Туризм білім беру бағдарламасының студенттері, «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен докторанттары қатысуда.Өндірістің әртүрлі салалары мен қоғамды басқару салаларындағы жаңа идеялар, технологиялар мен өнім түрлерін енгізудегі инновациялық бағытталған қызметтің енгізілуі төңірегіндегі өзекті тақырыптар талқылануда. Осы негізде бұл курсты тыңдау мамандықтың білім алушыларына таптырмас мүмкіндік болды. Сонымен бірге, институт оқытушылармен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының инновациялық қызметін дамытудағы мәселелер мен мүмкіндіктер, халықаралық жобаларға қатысу жайы талқылануда.

JoomShaper