«Kyzylorda Business Hub» облыстық жастардың стартап жобалар байқауы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Business Start» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы мен Қызылорда облысы жастар масәлелері басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Kyzylorda Business Hub» облыстық жастардың стартап жобалар байқауының алғашқы үйлестіру кезеңі өткізілді.

Жоба бойынша барлық аудандармен Қызылорда қаласының Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатарынан арнайы жоба үйлестірушілер тобы құрылды. Үйлестіру кезеңінде жоба аумақтық үйлестірушілері арнайы оқудан өтіп, жоба бойынша толық ақпарат алды. Бұл оқу процессінің ерекшелігі - еркін ашық форматта өткен бизнес-дәрістер, кәсіпкерлермен кездесулер, өзіндік жұмыстар және «Business-breakfast» кездесуі. Жалпы шара аясында аумақтық үйлестірушілер Қызылорда облыстық жастар мәселелері басқармасының арнайы маманымен кездесіп, актуалды мәселелер мен сұрақтарды талқылады. Кездесуге шақырылған қонақтар үйлестіру тобына бизнестегі өзінің жолы туралы баяндап, қатысушылар арасында NETWORKING байланысы құрылды. Айта кетейік, қатысушылар пікірі бойынша бұл кезеңде өткен іс-шаралар жұмыс процессіндегі «жаңа леп» болып соқты.

 

JoomShaper