Кафедра профессоры Уфа қаласында өткізілген XII Бүкілресейлік съездге қатысты

Уфа қаласында өткізілген теориялық және қолданбалы механиканың іргелі мәселелері бойынша XII Бүкілресейлік съезде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының профессоры Турешбаев Әбділда Төрешбайұлы "Негізгі екі денесі сәуле шығаратын фотогравитациялық үш дене есебінің кеңістіктік коллинеарлық либрациялық нүктелерінің орнықтылығы туралы" тақырыбында баяндама жасады.

XII Бүкілресейлік съезд жұмысына қатысу үшін теориялық және қолданбалы механиканың іргелі мәселелері бойынша 2200-ге жуық өтінім берілді. Ұсынылған баяндамалардың жалпы саны – 1362. Тыңдаушылар ретінде 1517, алыс және жақын шетелдерден 32 ғалым қатысты. Мұндағы жұмыс негізінен заманауи механиканың барлық бөлімдерін қамтитын бағыттар бойынша өтті. Шара аясында Жас ғалым-механиктердің IV Бүкілресейлік мектебі өткізілді. Сондай-ақ ресейлік техникалық жетістіктердің ұлттық көрмесі ұйымдастырылды. Съезд қатысушыларына Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин құттықтау жолдады. Пленарлық және секциялық баяндамаларда механиканың басқа да іргелі және қолданбалы ғылымдармен түйісуі мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Съезд нанодеңгейден галактикалыққа дейінгі масштабты қамтитын құбылыстарды зерттеуде механиканың тәсілдері мен әдістерін қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетті. Бұл факт съездің рөлін және оның жалпы қорытындыларын бағалау үшін өте маңызды.

JoomShaper