Адалдық сағаты

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Біз жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күресеміз. Мемлекет пен азаматтардың күшін біріктіреміз. Тек қана жазалау шаралары жеткіліксіз.

Жемқорлықтың кез-келген түріне мүлдем төзбеушілік таныту маңызды» деп осы мәселеге айрықша маңыз беріп отыр. Сол себепті де «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» бағытында білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастырып, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қарқынды жұмыс атқаруда. Бұл бағытта Сыр өңірінде де ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ білім алушылары мен оқытушылардың қатысумен бірыңғай «Адалдық сағаты» атты кездесу өтті. Оған арнайы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерсейтов Ардақ Жайдақұлы мен департамент басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы келіп, дәріс оқыды. Шараға университеттің білім алушылары мен оқытушылары қатысып, қонақтарға көкейкесті сауалдарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды. Осылайша, кездесу барысында қатысушылар жан-жақты пікір алмасты. «Адалдық сағаты» бұл күні университеттің барлық оқу ғимараттарында өтті.
Еске сала кетсек, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде “Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесі 2018 жылдың 23 қарашасынан бастап жұмыс жасауда.

JoomShaper